Шымкент қаласының кәсіпкерлері мен денсаулық сақтау мамандары кездесті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Денсаулық сақтау салалық кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Шалхар Шеримов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев, кәсіпкерлер қатысты.
Кеңес отырысында еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістер, оның негізгі қағидаттары қаралды.
«Елімізде 2020 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан МӘМС жүйесі туралы кеңінен түсіндірудің қажеті аз деп ойлаймын. Қазіргі басты мақсат – еліміздің азаматтарын барынша МӘМС жүйесімен қамту. Қазіргі таңда қазақстандықтандың 83 пайызы сақтандырылған деген ресми мәлімет бар.
Енді сол жүйеге 2026 жылдан бастап бірқатар өзгеріс енгізілгелі отыр. Соның бірі – әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін МӘМС аударымдары жергілікті бюджеттен төленеді. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыс және шұғыл жағдайдағы, яғни, Д және Е деңгейдегі азаматтар үшін МӘМС жарнасын төлейді. Бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұған дейін мемлекет тарапынан 15 санаттағы азаматтар үшін жарна аударылып келді. Одан кейін жұмыс берушілер өздерінің жұмысшылары үшін, ал жеке кәсіпкерлер мен өздерін жұмыспен қамтығандар өздері үшін МӘМС жарнасын төлеп келеді. Осы қатарға енді 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдар да еніп, Д және Е санаттағы азаматтар үшін жарна аудара бастайды.
Тағы бір жақсы жаңалық – бұған дейін жарна төлемей қалған жағдайда адамның сақтандыру мәртебесі 3 ай ғана сақталатын еді, енді 5 жыл бойы тұрақты жарна төлеген адам болса, жұмысынан айырылған жағдайда бұл мәртебе 6 айға дейін сақталады. Яғни, азаматтар уақытша табысынан айырылып қалса да, медициналық көмексіз қалмайды. Бірақ кейін сол уақыттағы қарызын өтеуі керек болады», – деді Шалхар Шеримов.
Жиынға қатысушылар өзерінің сұрақтарын қойып, мамандарың жауабын алды.