ZEINEP химиялық зауыты өндірісін кеңейтіп жатыр - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ZEINEP химиялық зауыты өндірісін кеңейтіп жатыр

4

Химия өнеркәсібі – тек өндірістік сектор ғана емес, бүкіл экономиканың қозғаушы күші ретінде қалыптасуда. Ауыл шаруашылығы, металлургия, құрылыс материалдары өндірісі сынды салалар химия өнімдеріне тікелей тәуелді. Соңғы жылдары химия өнеркәсібіне байланысты жобалардың бірқатары Шымкентте де қолға алынған.

Шаһарда экономикалық ахуал артып келеді. Әлемдің брендпен иық теңестіре алатын кәсіпорындар бой көтеріп, елдің экспорттық әлеуетін арттырып отыр. Солардың бірі ZEINEP химиялық зауыты. Заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорын — Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі маңызды жобалардың бірі.
Зауытта тұрмыстық және өнеркәсіптік бағыттағы химиялық өнімдер – жуғыш заттар, тазалағыш ерітінділер мен арнайы реагенттер шығарылады. Өндіріс толық автоматтандырылған, экологиялық және еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай келеді.
“Біздің мақсат — сапалы өнім шығарып қана қоймай, Қазақстанда химия өндірісінің жаңа деңгейін қалыптастыру. Барлық процестер халықаралық талаптарға сәйкес ұйымдастырылған”,- дейді мекеме басшысы Ғазиз Құлманұлы.
Бүгінде ZEINEP — отандық нарықты ғана емес, шет елдік серіктестермен де жұмыс істеуге дайын кәсіпорын. Зауыттың өндірістік күш-қуаты жылына шамамен 10 000 тонна өнім шығару деңгейінде жоспарланған. Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын 80 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жобаның жалпы инвестициялық құны — 600 млн тенге. Ішкі нарықтан басқа, өнімдер ТМД елдеріне экспортталады, яғни сыртқа да жөнелтіледі. Зауыттағы зертхана әр партия өнімнің сапасын жіті тексеріп отырады. Бұл – тұтынушылар сенімі мен бренд беделінің кепілі. ZEINEP — бұл жай ғана химиялық өнім емес. Бұл — Қазақстанда жасалған, сапа мен сенімнің символына айналған өндіріс.

 

 

 

 

Advertisements