Аsia Trafo: 250 адам елімізді трансформатормен қамтамасыз ету үшін тер төгіп жүр - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Аsia Trafo: 250 адам елімізді трансформатормен қамтамасыз ету үшін тер төгіп жүр

5

Шымкенттің индустиалды аймағындағы маңызды кәсіпорындардың бірі – Аsia Trafo. Электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші компания құрамына кіретін, трансформатор жабдықтарын шығаратын ірі кәсіпорын. «Тассай» индустриалды аймағындағы 12 гектар аумақта орналасқан өндіріс орнында 250 адам еңбек етеді. Орташа жалақысы – 400 мың теңге.

«Asia Trafo» — трансформатор жабдығын шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі зауыт. Кәсіпорында автотрансформаторлар, күштік май трансформаторлары, реакторлар шығарылады. Өндірістік қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады немесе 120 трансформаторды құрайды. Бүгінгі таңда жылдық қуаттылығы 70 трансформаторға жетіп отыр. Компания өнімдері Астана, Шымкент қаласы мен Түркістан, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қарағанды, Атырау өңірлеріндегі қосалқы стансаларға орнатылған. Сонымен бірге, өнімнің 16 пайыз үлесі сырт елдерге экспортталады.

Күрделі технологиялық өнім шығарылатындықтан жұмысшылардың біліктілігіне қатты көңіл бөлінеді. Сондықтан оларды оқыту, шеберліктерін шыңдау үздіксіз жүріп отырады. «Asia Trafo» өнімдері сапа менеджменті, қауіпсіздік, еңбекті қорғау, экологиялық менеджмент бойынша түрлі халықаралық сертификаттармен расталған. Зауытта ең соңғы үлгідегі жабдықтар мен станоктар орнатылған.

Зауыттағы сынақ зертханасы да — Орталық Азияда теңдесі жоқ сынақ зертханасы. Мұнда 25 түрлі трансформатор сынақтан өткізіледі. Барлық стандарттарға сынақ жүргізіледі. Үш фазалы, бір фазалы трансформаторлар тексеріледі. 110 киловольттан 500 киловольтқа дейін әр түрлі қуаттылықта 16 мың киловольт амперден бастап 250 киловольт амперге дейін тексереді. Кернеу беретін өз жүйесі бойынша үш фазалы трансформаторда 120 киловольтқа дейін кернеу бере алады. 4 000 амперге дейін тексере алады. Бұл құрылғымен ауыр соққы, қысқа тұйықталуды тексереді. Трансформатордың импульстік кернеу генераторы деген — найзағай импульсін имитация жасау арқылы 2200 кернеу беру.

Жалпы, кәсіпорынның жобалық құны – 32 млрд теңгеге тең. Оның 17,4 млрд теңгесі – компанияның жеке қаражаты. Қалған инвестициялық қаржыны компания банктен несиеге алған. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқаны үшін және ииновациялық өнім шығаратындықтан кәсіпорынға мемлекет тарапынан бірталай жеңілдік қарастырылған. Айталық, технологиялық жабдықты әкелгені үшін баж салығынан, сондай-ақ мөлшерлеме бойынша жер, мүлік, корпоративтік табыс салығынан босатылған.

Тілге тиек етейік, «Asia Trafо» үздік өндірісімен, өнімінің жоғары сапасымен 2023, 2025 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақстанның үздік тауары өңірлік көрмесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Advertisements