
«Ecotec» – сапалы жарықшамдар мен прожекторлар өндіру арқылы отандық жарықтандыру саласында өз орнын тапқан компания. 2014 жылы құрылған аталмыш кәсіпорын бүгінде еліміздегі ең ірі жарықтандыру техникасы мен металл бұйымдарын өндірушілердің бірі саналады. Компанияның өндірістік базасы Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан.
«Ecotec» компаниясының өнімдер Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында да сұранысқа ие. Көше мен алаңдарды, өндірістік нысандар мен агроөнеркәсіп кешендерін, саябақтар мен қалалық инфрақұрылымды жарықтандыруға арналған жарықшамдар сапасымен ерекшеленеді. Компания кез келген жоба үшін дайын шешімдер ұсынып қана қоймай, тапсырыс берушінің талабына сай жеке өнім де шығара алады.
Зауыт заманауи еуропалық және жапондық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде адам факторына тәуелділікті азайтып, сапаның тұрақты болуына септігін тигізеді. Шамдар бірнеше кезеңнен тұратын сапа бақылауынан өтіп, тұтынушыға сенімді өнім ретінде жеткізіледі.
Жаңа үлгілерді дайындау барысында компания шетелдік мамандармен, атап айтқанда Еуропа мен Жапонияның инженерлерімен бірлесе жұмыс істейді. Сондай-ақ, өнім климаттық ерекшеліктерді ескере отырып жасалады, бұл олардың түрлі ауа райы жағдайларында ұзақ қызмет етуіне мүмкіндік береді. «Ecotec» өнімдерінің басты артықшылығы – олардың сенімділігі мен тиімділігі. Бұл шамдар ұзақ мерзім бойы жұмыс істеуге қабілетті және энергияны үнемдей отырып, жайлы жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінде компанияның өнімдер тізімі 500-ден аса атауды қамтиды және бұл көрсеткіш күн санап артып келеді. Компания серіктесі «КазТехникас» жауапкершілігі шектеулі серіктестік те жарықтандыру техникасы мен алюминий радиаторларын өндірумен айналысады. Бұл серіктестік нарықтағы ұсынысты кеңейтіп, тұтынушыларға сапалы әрі заманауи өнімдерді уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді.
Түйіндей келгенде, «Ecotec» компаниясы сапа мен технологияны үйлестіре білген, елімізде отандық өндірісті дамытуға үлес қосып отырған заманауи кәсіпорын болып табылады. Компания өнімдері бүгінде Қазақстанда ғана емес, халықаралық нарықта да жоғары бағаланып отыр.












