Шымкентте туристік-қонақ үйлер бой көтереді

Шымкентте «OMIR SHYMKENT» компаниясының өкілдері мен сала мамандары кездесті.
Кездесу барысында екі жақ қаланың туристік әл-ауқатын талқылап, жаңа жобаларды талқылады. Бұл кездесу – Шымкенттің инвестициялық әлеуетін арттыруға жасалған тағы бір нақты қадам болмақ.
Айта кетейік, OMIR SHYMKENT – экологиялық және этномәдени дизайн қағидаттарын ескере отырып, Шымкентте іске асырылатын глемпинг форматындағы туристік-қонақ үй кешенін (ұлттық талғамды, мәдениет пен менталитетті ескере отырып, қазақ стилі) салмақ. Нақтырағы “Бадам” су қоймасының жағасында OMIR SHYMKENT экологиялық-туристік комплекс бой көтереді. Ауқымды жоба табиғат аясында жайлы және қауіпсіз демалыс аймағын құруға, сондай-ақ тұрақты туризмді дамытуға бағытталған.
OMIR SHYMKENT экологиялық тазалықты, жайлылықты және ұлттық бірегейлікті құрметтеуді біріктіретін аймақтағы ең ірі этноглемпинг-жобалардың бірі болады.
Аумағы: 50 гектардан астам
Инвестиция көлемі: 1,5 млрд теңгеден астам
Іске асыру кезеңі: құрылыс, басталуы маусым 2025
Кешеннің инфрақұрылымы мыналарды қамтиды:
* демалыс үйлері және капсула орналастыру;
* ұлттық киіз үйлер;
* мейрамхана және тамақтану аймақтары;
* бассейндер, монша кешені, SPA;
* жарықтандырылған серуендеу жолдары, пирстер және белсенді және пассивті демалыс аймақтары.
Жобаның негізгі ерекшеліктері:
* Құрылыс табиғи ландшафтты сақтай отырып жүзеге асырылады: ағаштар мен жасыл кеңістіктер сақталады, табиғи экожүйеге араласу азаяды.
* Барлық конструкциялар-тез салынатын, топырақ қабатын күрделі өзгертуді қажет етпестен қадаларға немесе үйінділерге орнатылады.
* Жоба тұрақты туризм қағидаттарына және ішкі турпотокты дамытуға бағытталған.
Жұмыс күшін тарту:
* Құрылыс кезеңінде жұмысты мамандандырылған мердігерлік ұйым орындайды. Бұл кезеңде жергілікті тұрғындарды тарту қарастырылмаған.
* Пайдалануға берілгеннен кейін кешенге қызмет көрсету және пайдалану саласында 30-дан 50-ге дейін тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Инвестициялық жобаның алғашқы кезеңін биылғы күзде іске қосу жоспарланып отыр. Туристік кешен іске қосылған соң Шымкенттің туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтары үшін табиғатпен үйлескен жаңа демалыс орнына айналмақ.












