Шымкент: Опера және балет театры жаңа XVIII театр маусымын ашты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Опера және балет театры жаңа XVIII театр маусымын ашты

31

Шымкент қалалық опера және балет театры жаңа XVIII театр маусымының шымылдығын Тасқын Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсымен ашты.

Театрдың директоры және басты рөлді сомдаушы Майра Мұхамедқызының жеке шығармашылық идеясынан туған, Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – ел бірлігін, ананың мейірімі мен даналығын ұлықтайтын сахналық дүние. Операда тарихи оқиғалар мен ұлттық болмыстың терең бейнесі өріліп, қазақ халқының асыл құндылықтары көрініс табады.

Маусымның ашылу салтанатына өнерсүйер қауым көптеп жиналып, театр әртістерінің кәсіби шеберлігі мен сахналық көркемдігіне жоғары баға берді. Театр ұжымы жаңа маусымда тың жобалар мен мазмұнды қойылымдармен өнерсүйер қауымды қуантуды жоспарлап отыр.

Advertisements