BIK Kanc: Индустриалды аймақтағы жаңа өндіріс жайлы не білеміз? - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

BIK Kanc: Индустриалды аймақтағы жаңа өндіріс жайлы не білеміз?

35

Ағымдағы жылдың маусым айында «Оңтүстік» арнайы индустриалды аймағында «BIK KANC» кеңсе қағаздарын өндіретін зауыт іске қосылды.

Аталмыш өндіріс орны қазірден-ақ өзінің өнім сапасымен және өндіріс көлемімен аймақтағы кәсіпкерлік саласында көзге түсе бастады. Оның жылдық қуаттылығы – 1 млн дана. Қазіргі таңда зауытта 50 шақты жұмысшы бар. Олар сапалы өнім шығару үшін тәулік бойы тынымсыз еңбек етеді.
Зауыттың негізгі өндірісі – А4 форматындағы ақ қағаз. Шикізат Ресейден жеткізіледі. Зауытта қағаз арнайы өңдеуден өтіп, кейін қалыпқа салынып, кесіледі. Соңында қораптарға салынып дайын өнім ретінде нарыққа шығарады. Өндіріс процесі екі арнайы станок арқылы жүзеге асады. Айталық, біреуі рулондағы қағазды қажетті форматқа өлшеп кесетін болса, екіншісі дайын парақтарды қораптарға салып, орап шығарады. Сонымен қатар, қағазды орау үшін қорапқа қолданылатын қатты қағаз да Ресейден тасымалданады.
Күніне зауыт шамамен 4 500 қорап қағаз өндіреді. Әр қорапта 500 парақ, ал әр қорапта 5 пачка қағаз бар. Мұндай жоғары өндіріс көлемі тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, сұранысты толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Зауыттың басты мақсаты – сапаға баса мән беру. Өндіріс барысында барлық стандарттар мен талаптар қатаң сақталады. Осы себептен де өнімдері мемлекеттік тапсырыстар бойынша көптеген тендерлерде жеңіске жетіп, мемлекеттік мекемелерге тұрақты түрде жеткізіліп отырады.
Индустриалды аймақта орналасуы – бұл кәсіпорынның тағы бір артықшылығы. Мұнда коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер қарастырылған, бұл шығындарды азайтып, өндірісті тиімді әрі үнемді жүргізуге мүмкіндік береді. Осы факторлар зауыттың қарқынды дамуына серпін беріп отыр.
Жаңа кәсіпорынның табысты жұмысы мен алдағы жоспарлары аймақтағы кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосып, оның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыра түсетініне сенім мол.

Диля Дулат

Advertisements