Шымкентте жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

27

Шымкент қаласында 2012–2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикалық төрт сайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Екі күнге жалғасатын додаға еліміздің 14 өңірінен 17 команда, жалпы саны 188 спортшы қатысуда.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының міндетін атқарушы Ермек Дәрменовтың айтуынша, жеңіл атлетика бүгінде қалада қарқынды дамып келеді. Соның айғағы ретінде Қажымұқан атындағы орталық стадиондағы күрделі жөндеу жұмыстарын атауға болады. Жүгіру алаңы мен барлық снарядтар соңғы үлгіде жасалып, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. Болашақта футбол командалары жаңа стадионға көшірілген соң, Қажымұқан орталық стадионы толықтай жеңіл атлетикаға арналған спорт кешеніне айналмақ.

Жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жас спортшыларға ақ жол тіледі. Оның айтуынша, Шымкенттің қолайлы климаты жеңіл атлетиканы дамытуға ерекше мүмкіндік береді. Өйткені еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы суықтап, жаттығулар көбіне залда өтетін болса, Шымкентте жыл он екі айдың он бірінде ашық алаңда дайындалуға жағдай бар.

 

Advertisements