Шымкент әкімі “Даму” қорының өкілдерімен шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін талқылады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент әкімі “Даму” қорының өкілдерімен шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін талқылады

25

Шымкент қаласының әкімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдаудың негізгі бағыттары, сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру тетіктері жан-жақты талқыланды.
Әкімдік тарапынан шағын және орта бизнес өкілдерінің қаржыландыру көздеріне қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жеңілдетілген несие беру, несиеге кепілдік ұсыну және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралдарын тиімді пайдалану қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын кеңейту, консультациялық қолдау көрсету және семинарлар ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл бастамалар қаланың экономикалық дамуына серпін беріп, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтеді деп күтілуде.
Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына қолданыстағы қолдау құралдары мен жаңа мүмкіндіктер туралы кәсіпкерлер арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ кәсіпкерлерге үш негізгі құрал арқылы мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастыруда: жеңілдетілген қаржыландыру, кепіл жеткіліксіз болған жағдайда несиеге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Биыл «Даму» Қоры ауқымды трансформациядан өтуде. Бұл ретте кәсіпкерлерге таныс қолдау құралдары сақталды, алайда олардың ішкі құрылымы сапалы өзгертіліп, жұмыс тиімдірек әрі жылдамырақ болуына бағытталды. «Даму» Қоры қолдаудың нарықтық емес тетіктерінен біртіндеп неғұрлым орнықты әрі ұзақмерзімді шараларға көшуді жүзеге асыруда.

Advertisements