Су ресурстары-Маркетинг: Еуропалық су арналарынан кем емес

«Цифрлық құралдар су инфрақұрылымын жаңаша басқару моделі ретінде» республикалық семинар-кеңестің екінші күні қатысушыларды толықтай «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметімен таныстыруға арналды.
Семинарға қатысушылар, олардың қатарында: “Veolia”, Aqualia және SUEZ шетелдік басқарушы компанияларының, «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, облыстық және қалалық инфрақұрылым және энергетика, су арналары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушілер басқармаларының, Қазақстан су арналары қауымдастығының және басқа да ұйымдардың өкілдері Шымкент кәсіпорнының негізгі нысандарын аралады. Бұл орталық диспетчерлік қызмет, тазарту құрылыстары кешені, “Smart – маман” оқу орталығы, су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетін орын, тазарту құрылыс кешендері.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары технологиялық процестерді автоматтандыру және цифрландыру саласында жинақталған тәжірибелерімен қуана бөлісті. Қазіргі уақытта су қабылдағыш құрылыстары қуаттылығының тек 46%-ы ғана пайдаланылады. Кәсіпорын су қабылдағыштарды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Бірінші көтергіш сорғы станцияларының энергия тұтынуын азайту үшін гидравликалық есептеулер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша энергия үнемдейтін технологиялары бар заманауи сорғылар таңдалып, сатып алынды. Сонымен қатар, сифонды сорғы станцияларын салу жұмыстары жүргізілді. Бұл қондырғылар бір текше метр суды өндіруге және тасымалдауға энергия тұтынудың меншікті нормасын 0,8 кВт-тан, 0,06 кВт-қа дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Қашықтан іске қосу мүмкіндігімен жиілік түрлендіргіштері бар сорғы қондырғыларын басқару шкафтарын жаңғыртылды. Барлық ақпарат, соның ішінде: станцияларда өндірілген судың көлемі, ұңғымалардағы судың статистикалық және динамикалық деңгейлері, жұмыс істеп тұрған сорғы жабдықтарының кернеуі мен ток көрсеткіштері диспетчерлік қызметке түседі. Осылайша, штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда диспетчерлер жедел шаралар қолдана алады.












