Шымкент өзендері мен каналдарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент өзендері мен каналдарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

19

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Спикер, Шымкент қаласында су арналары мен өзендердің жай-күйін жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы өткен жылы Қошқар ата өзенінің «Ордабасы» алаңынан Жангельдин көшесіне дейінгі бөлігінде абаттандыру жұмыстарын жүргізген болатын. Биыл бұл жұмыстар жалғасын тауып, өзеннің Жангельдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейінгі аралығында құрылыс жұмыстары атқарылуда. Жоба мердігері – «HYDROLIFE-2050» ЖШС. Жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын учаскедегі жұмыстарды биылғы желтоқсан айында толық аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, Нұртас шағын ауданындағы «Кәусар» көшесінің бойында су тасқынының алдын алу мақсатында канал салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның екінші кезеңі толығымен аяқталып, бірінші кезең бойынша ирригациялық лоток орнату жұмыстары басталды (340 метр). Құрылыс бекітілген кестеге сәйкес желтоқсан айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Сәрсен Абайұлы 2024 жылы 6 елді мекенде (Жыланбұзған, Тоғыс, Маятас, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) Бадам өзенінің арнасын түзету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 9 шақырым учаске пайдалануға берілгенін айтты. Биыл бұл жұмыстар жалғасып, «HYDROLIFE-2050» ЖШС мердігерлігімен 5,3 шақырым аумақтағы жұмыстардың 70 пайызы орындалды. Құрылыс толық аяқталуы желтоқсан айына жоспарланған.
Аталған жобалар су тасқынының алдын алып, қаланың экологиялық қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Advertisements