Төтеншеліктер трассада қалған 24 шетелдікті құтқарды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Төтеншеліктер трассада қалған 24 шетелдікті құтқарды

16

ТЖМ қызметкерлері  Қостанай облысындағы тас жолда қалған 24 шетелдікті құтқарды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарыарасында төрт бала бар.

Олар мінген шағын автобус Қамысты ауданы Адаевка ауылынан 30 шақырым жерде бұзылып қалған. Жолда қалған жолаушылар төтеншеліктерді көмекке шақырыпты.

“Оқиға орнына дереу жіберілген құтқарушылар жақын маңдағы жылыту пунктіне 24 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Құтқарылғандар Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары”,-дейді құтқарушылар.

Олар шағын автобусты елді мекенге сүйреп апарды, медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмады, деп атап өтті Қазақстан ТЖМ.

Advertisements