Қарағандыдан Ыстамбұлға тікелей авиарейс іске қосылады

Қарағандыдан Ыстамбұлға тікелей әуе рейсі іске қосылмақ.
Рейстер 4 маусымнан бастап аптасына екі рет — сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Тасымалдаушы–Fly Arystan.
Қарағанды агломерациясының 870 мың тұрғыны бар. Бұл облыс орталығына жақын орналасқан 30-дан астам қала мен кент.
“Біздің тұрғындардың шетелге саяхаттау қажеттілігі бар, ал басқа әуежайлар арқылы жету өте ыңғайсыз. Қарағанды әуежайы — халықаралық, яғни авиакомпаниялармен серіктестікте ол бізді Стамбул, Дубай, Пекин, Шанхай сияқты негізгі хабтармен байланыстыра алады. Бұл біздің алдымызда тұрған үлкен жұмыстың бастамасы ғана екеніне сенімдімін, – деп атап өтті Қарағанды әуежайының Директорлар кеңесінің төрағасы Еран Оспанов.
Дереккөз: FlyArystan