Сертификатпен үйлі болды Сертификатпен үйлі болды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Сертификатпен үйлі болды

10

Шымкент қаласының тұрғыны Кутимбаева Разия мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысып, өз баспанасына қол жеткізді.

Үш ұлдың анасы, тоғыз немеренің әжесі ауылдан қалаға көшіп келген соң бірнеше жыл пәтер жалдап тұрған.
Баспана алу мақсатында “2-10-20” және “5-10-20” бағдарламалары аясында 1 000 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек түрінде берілетін қайтарымсыз тұрғын үй сертификатына өтінім берді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ипотекалық қарызының бастапқы жарнасын өтеп, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бозарық мөлтек ауданынан үш бөлмелі таза әрлеудегі пәтерге ие болды.
“Өз үйімізге көшіп, отбасымызбен үлкен қуанышқа кенелдік. Бұл – біз үшін үлкен көмек әрі үміттің ақталғаны. Қолдау көрсеткен мемлекеттік бағдарламаға алғысым шексіз,” – дейді Разия ханым.
Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификаты бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлеріне беріледі.
Өтініштер http://kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады. Әрбір азаматта электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.
Аталған мемлекеттік бағдарламалар көптеген азаматтарға баспана алуға мүмкіндік беріп, олардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуде.
Advertisements