Алматы: Мотоциклші жол жөндеп жатқан екі жұмысшыны қағып, өлтірді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Алматы: Мотоциклші жол жөндеп жатқан екі жұмысшыны қағып, өлтірді

11

9 сәуірге қараған түні Алматыда қайғылы оқиға орын алып, салдарынан екі жол жұмысшысы қаза тапты. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат Алатау ауданында түнгі сағат 01:30-да болған. ЖКО орнынан кадрлар желіде жарияланды.

Мотоциклші Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жол бойында келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысады. Дегенмен, қозғалысты жалғастырады. Сөйтіп, мотоцикл жүргізушісі үш жол жұмысшысын жол бойында жүрген екі ер адам мен әйелді қағып кетті, деді полициядағылар.

Алған жарақаттарынан екі ер адам оқиға орнында қайтыс болды, әртүрлі жарақаттары бар әйел ауруханаға жатқызылыпты. Екі адамның өліміне әкеп соққан ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін екі адам Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі көліктің қатысуымен болған апаттан зардап шеккен болатын.

Advertisements