Қазақстан мен Австрия өз дипломаттары үшін өзара визасыз режим енгізбек - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстан мен Австрия өз дипломаттары үшін өзара визасыз режим енгізбек

10

Қазақстан мен Австрия өз дипломаттары үшін өзара визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды  КазТАГ. 

2025 жылдың 28 ақпанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Федералды Үкіметі арасында дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жасалған болатын.

Келісім жобасына сәйкес, Қазақстан мен Австрияның жарамды дипломатиялық паспорттарының иелері осы мақсат үшін Құзыретті көші-қон органдары айқындаған кез келген өткізу пунктінде қауіпсіздік ережелеріне, көші-қон, кедендік, санитарлық және басқа да нормаларға сәйкес белгіленгендерден басқа қандай да бір шектеулерсіз екінші Тараптың аумағына кіріпшыға алады.

Деректерге сүйенсек, жобаны қабылдау дипломатиялық паспорттар иелерінің визалық талаптарынан өзара босатуды белгілей отырып, Қазақстан мен Австрия арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық талқылау 2025 жылдың 28 сәуіріне дейін қол жетімді.

Advertisements