Астана: Жасөспірім баланы ұрып тастады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Астана: Жасөспірім баланы ұрып тастады

7

Астанада жасөспірім баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмағанның қатысуымен болған оқиға полицияда тіркелді. Тексеру барысында оқиғаға қатысы бар 10 жастағы жасөспірім анықталды. Қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеуіне байланысты қылмыстық іс қозғау мүмкін болмады, делінген  хабарламада.

Соған қарамастан, кәмелетке толмағанның заңды өкілі баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарланды.

Материалдар әрі қарай қарау және қосымша шаралар қабылдау үшін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілгені атап өтілді.

Сонымен қатар, жасөспірім профилактикалық есепке алынды, делінген хабарламада.

Advertisements