Балқаш: Экс-полицей бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Балқаш: Экс-полицей бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан

1

Балқашта әйелге қатыгез шабуыл жасау оқиғасы тергелуде.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша,  тәртіп сақшысы болған бұрынғы күйеуі 4 мамырда таңғы сағат 4 шамасында  үйге кіріп, оған зорлықзомбылық жасаған

Ер адам әйелді тұншықтырып, сабаған.  Шабуылдан кейін де ол жәбірленуші емделіп жатқан ауруханаға келіп, оған қоқан-лоққы көрсеткен. Туыстары  дереу полицияға арыз жаздық деп мәлімдейді, бірақ ол ұсталған жоқ.

Қарағанды облысының полиция департаментіндегілер шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарлайды.

Күдіктіішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерііс жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Онда жәбірленушіденарыз тек 4 маусымда түскенін атап өтті.

Полицейлер қақтығыс мүліктік келіспеушіліктер аясында туындағанын хабарлады. Алайда, құқық қорғау органдары заң бәріне бірдей, ал бұрынғы мәртебе иммунитет бермейдідеп атап көрсетеді.  Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, іс басшылықтың ерекше бақылауында

Advertisements