“ЖҰЛДЫЗ” ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 42 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

«Жұлдыз» индустриялық аймағы бүгінде республикалық маңызы бар мәртебеге ие. 2021 жылы құрылған аймақтың ауданы 306 га алып жатыр. Мұнда алдағы уақытта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құра отырып, 200 млрд. теңгеден астам сомаға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады.
Бүгінде аймақта инвестициялық құны 147,2 млрд. теңге құрайтын, 3мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 42 жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, биыл 7,1 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу, 411 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.