Шымкент пен Ұлыбритани арасындағы жаңа инвестициялық әріптестікке жол ашылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент пен Ұлыбритани арасындағы жаңа инвестициялық әріптестікке жол ашылды

11

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Личпен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, дуальды білім беруді ұйымдастыру және Шымкентте британдық университеттердің бір филиалын ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Бұдан бөлек, қала әкімі Шымкенттің экономикалық дамуы, инвестициялық және туристік әлеуеті туралы айтты. Британдық компаниялардың қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және қалада мәдени іс-шаралар өткізуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Advertisements