Шымкенттік шахматшы Грекиядағы әлемдік доданы бағындырды

Шымкент қаласының спортшысы Жұмабек Нұрасыл әуесқойлар арасында шахматтан Әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
ФИДЕ әуесқойлары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты Грецияның Родос аралында өтті. 26 қазан мен 4 қараша аралығында өткен іс-шара төрт рейтинг санатында бақ сынайтын 54 елдің 245 әуесқой ойыншысын біріктірді. Олар: Open U2300, Open U2000, Open U1700 және W1700 бағдарламаларында ойнады. Open U2000 ерлер санатында өнер көрсеткендардың қатарында жерлесіміз Жұмабек Нұрасыл бар.
Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінің өкілі Нұрасыл өз категориясында барлық қарсыласын артқа қалдырып, алтыннан алқа тағынды.
Ұйымдастырушылар жабылу салтанатында қатысушылардың жетістіктерін атап өтіп, әр санаттағы чемпиондарды марапаттады. Іс-шараға ФИДЕ іс-шаралар жөніндегі комиссияның құрметті төрағасы Озгур Солакоглу, Эгей университетінің профессоры Катерина Франци және ФИДЕ этика жөніндегі комиссияның мүшесі Дэвид Хейтер қатысты. Жарыс ерекше талант пен спорттық шеберлікті көрсетті, әсерлі дағдылар мен қойылымдарға бай болды.
54 елдің ойыншылары 15000 Еуро жүлде қоры мен 2024 жылғы Әуесқой шахматтан әлем чемпионы атақтары үшін күресті! Әр санаттағы үздік жеңімпаздар:
OPEN/Ерлер 2300 дейін
1. Зебрацкий Томаш (ПОЛ) 7
2. Кумареш А (IND) 6,5
3. Улзиихишиг К (MGL) 6,5
Әйелдер 2300 дейін
1. Амин-Эрдэне Б (MGL) 5
2. Грапса Джорджия (GRE) 5
3. Саритеану Сабина (ROU) 4
OPEN/Ерлер 2000 дейін
1. Жумабек Нурасыл (КАЗ) 7,5
2. Эрхембаяр А (MGL) 7,5
3. Фого Эскивель Леви (MEX) 7,5
Әйелдер 2000 дейін
1. Сайханчимег, Т (MGL) 6,5
2. Кирдяшкина Екатерина (–) 6,5
3. Унурзул Davaakhuu (MGL) 5.5
OPEN /Ерлер 1700 дейін
1. Рафик Яссин (MAR) 7.5
2. Джапаров Медет (KGZ) 7.5
3. Сумия Лхагвагарам (MGL) 7
Әйелдер 1700 дейін
1. Осадчук Анастасия (UKR) 8
2. Ану Баял-Учрал (MGL) 7
3. Совна Сонали-Йена (IND) 6
Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінің өкілі Нұрасыл бұл жеңісімен Шымкенттің де, бүкіл Қазақстанның да абыройын асқақтатты. Жас талантты құттықтай отырып, алдағы жарыстарда тек жеңістерге жетуін тілейміз!