Жапондықтар Шымкентте сазды кеш ұйымдастырды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Жапондықтар Шымкентте сазды кеш ұйымдастырды

7

Шымкентке Жапониядан кәсіби музыканттар келіп, опера және балет театры оркесторының сүйемелдеуімен сазды концерт өткізді. Мегаполиске күншығыс елінен 4 түрлі аспапта ойнайтын 4 өнерпаз болып келген олар, қазақ мәдениетімен танысып, классикалық шығармаларды тебірене орындап, беріле өнер көрсетті. Шетелдік музыканттар Ғазиза Жұбанованың шығармаларын орындап, Шымкенттіктерді таңдандырды. Сондай-ақ олар жергілікті халыққа Жапон музыкасын таныстырып, ысқтық ықыласын иеленді. Шымкент опера және балет театрының бас дирижеры Мәди Өмірзақов
Жапон өнерпаздарын сазбен сүйемелдеген оркестр ұжымына жетекшілік жасады. Айтуынша, бейтаныс композицияны жіті меңгеріп, шебер орындап шығу үшін небәрі 3 күн жеткілікті болған.
– Жапондық өнерпаздар ұлттық аспаптарында түрлі жанрдағы шығармаларды орындады. Олар концертке дейін мектептер мен коллдждерде кездесу өткізді. Өздерінің ұлттық аспаптарымен таныстырып, тәжірбие алмасты,-дейді Мәди Өмірзақов.
Ал, Жапондық музыкант Мицукуни Цудзимото ұлттық аспапты өз бетінше үйреніпті. Кейіннен музыкалық білім алып, тәжірибесін жетілдірген көрінеді.
– Меніңше қазақ пен жапон халықтарының мәдениеті мен өнері бір-біріне ұқсас. Маған жергілікті халықтың қонақжайлығы мен ақ көңілі ұнады. Мәдениетімен танысуға ниеттімін. Сондай-ақ, осындағы халыққа Жапон салт-санасын таныстыру үшін жұбайым арнайы ұлттық үлгідегі Кимано киіп, қайдан келгенімізді айғақтап тұр,-дейді Мицукуни Цудзимото
Жапондық өнерпаздар бұған дейін Астанада өнер көрсеткен. Енді Алматыда концерт беруді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылар, мұндағы басты мақсат қос халық арасындағы рухани ынтымақтастықты жетілдіру дейді.

Advertisements