Шымкент: Қоғамдық кеңесте 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Қоғамдық кеңесте 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды

8

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойы аясында бірқатар азаматтарды марапаттады. Қаланың құрметті азаматтары мен белсенді қоғам мүшелері «Жергілікті өкілді органдардың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды.
Жиынның күн тәртібі аясында Шымкент қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев бюджет жобасы бойынша егжей-тегжейлі баяндама жасады. Ол алдағы жылдарға жоспарланған қаржы бағыттары мен мақсатты көрсеткіштер туралы айтып, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Ол құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін нығайту бағытында қолға алынған іс-шараларды атап өтті.
Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар айтты.

Advertisements