Азия чемпионы Махмұд Сабырхан елге оралды
Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама 9 алтын, 5 күміс және 6 қола медальдарын еншілеп, командалық есепте көш бастады. Тарихи жеңіске үлес қосып, алтыннан алқа тағынғандардың бірі, жерлесіміз – Махмұд Сабырхан. Таиланттың төрінде ел әнұранын шырқап, көк туды желбіреткен спортшыны жанкүйерлері Шымкент әуежайынан құрметпен қарсы алды.
Ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс,1 қола медальдарын еншіледі. Олардың қатарында 54 келі салмақ дәржесінде күш сынасқан Махмұд Сабырхан,86 келіде Бекзат Нұрдәулетов, 92 келіде Сағындық Тоғамбай және 92 келіде Айбек Оралбай алтыннан алқа тақты. Еліміздің намысын қорғаған шымкенттік Махмұд Сабырхан турнирдің үздік боксшысы атанды. Оның ақтық сындағы жекпе-жегі мамандардың жоғары бағасына ие болды.
Азия чемпионатының жекпе-жегінде 54 келі салмақта өнер көрсеткен Махмұд Сабырхан мамандардың жоғары бағасына ие болды. Ол барлық кездесулерін техникалық жағынан айқын жеңіспен аяқтады. Жерлесіміз бұл Азия чемпионаты өзінің шеберлігін тағы да бір шыңдай түскенін көпшілікке жеткізді.
Бұған дейін шымкенттік боксшы Париж олимпиадасында 57 келі салмақта сынға түскен болатын. Бокстан ұлттық құраманың бапкері Илияс Оралбековтің айтуынша, Махмұдтың осы салмағы сары құрлық елдері арасында теңдессіз мықты боксшы екенін дәлелдеді.
Бокстан ғаламат жеңіске жеткен жерлестеріміз әлемдік додаларда да алдағы кезде мықтылықтарын көрсететін болады. Оған барлық жаңдайды жасап отырған шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков те зор сенім білдіретінін айтты.