Қостанайдағы мұз айдынында бес бала зардап шекті
Қостанайда жексенбі, 22 желтоқсанда бес бала сырғанау кезінде түрлі жарақат алды.
Қостанай жедел медициналық жәрдем қызметінің Instagram парақшасында хабарланғандай, кеше қала орталығындағы сырғанақ алаңында алты балаға көмек қажет болды, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер балалардың әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын айтады. Бригадалар келген кезде бірнеше сағаттық айырмашылығы бар екі қыз ес-түссіз болды. “Құрметті ата-аналар, есіңізде болсын: мұз сырғанақтары тек көңілді және қуанышты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда қауіптілігі жоғары объект болып табылады. Кәмелетке толмағандарды сырғанау кезінде қараусыз қалдырмаңыз. Сіздер, ата-аналар, ең алдымен балаңыздың өмірі мен денсаулығына жауаптысыздар“, – деді дәрігерлер.