Сот “Дикий Арманға” үкім шығарды

Алматы соты “жабайы Арманға” үкім шығарды. Сот істі бір жылдан астам уақыт қарады.
45 сотталушының көпшілігінің тергеу изоляторында өткізген уақыты ескеріліп, бір-екі жылға бас бостандығынан айырылды. Кейбіреулері 7 жылды арқалады.
Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қайрат Құдайберген – 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол “Құрмет” орденінен және қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Руслан Ысқақов – 15 жыл 6 ай түрмеде отырады. Ол билікті асыра пайдаланғаны және ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Криминалдық авторитет болған Арман Жұмагелдиевтің ісі сотқа бір жылдан астам уақыт бұрын келіп түскен. Онымен бірге сотталушылар орындығында – Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген, ҰҚК бұрынғы полковнигі Руслан Ысқақов және басқа да фигуранттар бар.
“Жабайы Арман” 2022 жылғы “қаңтар оқиғасынан” кейін бірден ұсталды, оны билікке қарсы іс шараларды ұйымдастырды деп айыптады. Онымен бірге тағы алты адам ұсталды, олардан әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару және брондалған көлік тәркіленді.