Астана: Гимнастшы өнер көрсетіп жатып биіктен құлады
Оқиға Астана циркінде болған. Қойылым кезінде гимнастшы биіктіктен құлады.
Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
“Қыз циркте бес метр биіктіктен құлап жарақат алды. Оқиға орнынан оны жедел медициналық жәрдем бригадасы алып кетті. Оған бас жарақаты және мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты”,-деп хабарлады басқармадағылар.
Басқарма сонымен қатар зардап шеккен адамның қазір политравма бөлімінде екенін түсіндірді. Политравма (бірнеше жарақат) — бұл бірнеше жарақаттардың жиынтығы, олардың әрқайсысы арнайы емдеуді қажет етеді.