Түркістан: Қауынның алғашқы өнімі жиналды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Түркістан: Қауынның алғашқы өнімі жиналды

9

Түркістан облысында қауынның алғашқы өнімі жиналды.

Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігінде хабарлағандай, егістікке суармалы суды ерте берудің арқасында Жетісай ауданының шаруалары өнімді мерзімінен бұрын алған.

Қазсушар Түркістан филиалының мәліметінше, бүгінде Жетісай ауданының бақша дақылдары өсірілетін 12 578 гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін 39,5 миллион текше метр су жіберілді.

“Шаруашылықтарға суармалы су беру наурыз айында басталды. Айта кететіні су тек біздің филиалмен тиісті шарт жасасқан шаруашылықтар ғана берілді. Бүгінгі таңда өңірдің шаруа қожалықтарымен 275 мың гектардан астам егістікті суару үшін 2,4 млрд текше метрден астам су беруге 8892 келісім жасалды. Оның ішінде 672,8 млн текше метр су берілді”,-деді Қазсушар Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Фермерлердің өздері алынған өнімге риза. Қиын жағдайларға қарамастан, біз суды дұрыс көлемде алып отырмыз, дейді олар.

Бір жыл бұрын Түркістан облысында бананның алғашқы өнімі алынды. Енді оны өнеркәсіптік ауқымда өсіруге ниетті.

Advertisements