Шымкент: Баланы ұрғаны үшін – тәрбиеші қамауға алынды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Баланы ұрғаны үшін – тәрбиеші қамауға алынды

5

Ұсталған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Істі қозғауға үйіне жарақатпен және аяқ-қолы “көгеріп” келген баланың анасының өтініші себеп болды. Ата-аналардың талаптарынан кейін олар қатыгездік эпизодтары жазылған бейнебақылау жазбасына қол жеткізді.

Тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды.

Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеруде, куәгерлерден түсініктеме алынды.  Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

 

Advertisements