
Шымкентте Ираннан келген инвесторлармен іскерлік кездесу өтті.
Кездесу барысында қаладағы инвестициялық ахуал таныстырылып, индустриялық аймақтар, салықтық жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Компания жылына 50 000 тонна өңдеу қуатымен глютен өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 4 миллиард теңге.
Инвесторлар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.
Ирандық NIXON International компаниясы — инжиниринг, сатып алу, құрылыс (EPC), сыртқы экономикалық қызмет, техникалық қызмет көрсету және логистика салаларында кең ауқымды қызмет көрсететін әмбебап өндірістік-инжинирингтік ұйым.
Компанияның негізгі қызмет бағыты – энергетика, машина жасау және өндіріс салаларын қоса алғанда, түрлі өнеркәсіп салаларында кешенді жобаларды “кілтпен тапсыру” (turn-key) тәсілімен іске асыру.
NIXON International жобалау кезеңінен бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі инженерлік шешімдердің толық циклін жүзеге асырады. EPC-жобалар аясында компания жобалық құжаттаманы әзірлеуден бастап қажетті жабдықты жеткізуге дейін, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын орындап, барлық кезеңдерде сапа мен халықаралық стандарттардың сақталуын қатаң бақылауда ұстайды.
Компанияның басты бағыттарының бірі – жасыл энергетика саласында тұрақты шешімдерді дамыту, оның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген технологияларды енгізу.
Сонымен қатар, компания халықаралық саудамен белсенді айналысады: өнеркәсіптік тауарларды импорттау және экспорттау, жеткізілімдердің логистикалық сүйемелдеуін ұйымдастыру және өнімді мақсатты нарықтардың талаптарына бейімдеу жұмыстарын жүргізеді.
Өндірістік секторда NIXON International өнеркәсіптік жабдықтарды өндіру және жинау, сондай-ақ сапалы техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметтерін ұсынады. Компания құрамында қауіпсіздік, өндіріс, қаптама және жабдыққа қызмет көрсету салаларындағы мамандар жұмыс істейді, бұл жобаларға кәсіби сүйемелдеу деңгейін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.