Шымкентте өндірілетін медициналық қолғаптар әлемдік нарықта - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте өндірілетін медициналық қолғаптар әлемдік нарықта

4

Сапалы медициналық қолғаптар өз елімізде өндіріле бастады. Бұл – 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «KazMedProm» компаниясының зор жетістігі. Компания Қазақстан аумағында медициналық қолғаптарды толық өндірістік циклмен шығаратын алғашқы отандық өндірушілердің бірі ретінде танымал. Онда шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық өндіріс үдерісі бір орталықта жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл өнімнің сапасын мұқият бақылауға, нарыққа тұрақты баға ұсынуға және сыртқы тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

«KazMedProm» компаниясы сапаға баса мән береді. Компания тек сенімді шикізат жеткізушілерімен жұмыс істейді және заманауи технологияларды пайдалана отырып, жоғары сапалы өнім шығарады. Қолғаптар барлық санитариялық, техникалық және гигиеналық талаптарға толығымен сәйкес келеді. Олар тиісті мемлекеттік тіркеу куәлігіне және халықаралық сертификаттарға ие.
Бүгінде кәсіпорын тұтынушыларға бір реттік қолғаптардың кең ауқымын ұсынып отыр. Табиғи және синтетикалық материалдардан жасалған, хирургиялық немесе диагностикалық мақсаттағы, түрлі түсті, полимерлі жабынмен немесе онсыз, текстуралы не тегіс, стерильді және стерильді емес, стандартты немесе ұзартылған манжетпен, сондай-ақ жоғары беріктікке ие қолғаптардың барлығы компания ассортиментінде бар. Мұндай алуан түрлілік әр салаға қажетті өнімді таңдауға мүмкіндік береді.
«KazMedProm» қолғаптары қазіргі таңда медициналық мекемелерде, дәріханаларда, сауда желілерінде, сұлулық салондарында, зертханаларда, химия және азық-түлік өндірісінде, клинингтік компанияларда, HoReCa саласында және тіпті жоғары технологиялық өндіріс орындарында кеңінен пайдаланылады.
«Компания өнімдерінің әмбебаптығы мен сапасы тұтынушылар сеніміне ие болып отырғанын да мақтанышпен айтуға болады» дейді кәсіпорын мамандары.
Айта кетейік, 2021 жылы «KazMedProm» өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттай бастады. Ал, 2022 жылы «KazMedProm» компаниясы ел экономикасына қосқан үлесі мен табысты қызметі үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алғыс хатпен марапатталды. 2023 жылдың сәуірінде компания үшін тарихи кезең басталды. Яғни, жаңа өндірістік желі іске қосылып, алғашқы өнімдер шығарылды. Бұл – кәсіпорын дамуының жаңа белесі ғана емес, сонымен қатар еліміздегі өнеркәсіп саласының өсіп-өркендеп келе жатқандығының да айқын көрінісі.
Түйіндей келгенде, «KazMedProm» – бұл тек қолғап шығаратын кәсіпорын ғана емес, отандық өндірістің дамуына үлес қосып келе жатқан серпінді компания. Елдегі медицина мен өндіріс саласын сапалы өніммен қамтамасыз ете отырып, шетелдік нарықтарға да сенімді қадам жасап келеді. Жаңашылдықты ту еткен ұжымның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратыны сөзсіз.

Advertisements