Шымкентте 902 өнеркәсіптік кәсіпорын бар
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлы «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық – инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз конференциясын берді.
Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндірістер.
2024 жылғы қаңтар – мамыр айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 424,7 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 405,5 млрд тг.) өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 %-ға төмендеді.
Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 349,2 млрд тг.) өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 % құрады.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуіне саланың басым бөлігін құрайтын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өндіріс көлемінің азаюы есебінен орын алды. Өйткені зауыт ҚР Энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес 2024 жылдың 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс тоқтатылды.