35 жасында он екінші баласын босанды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

35 жасында он екінші баласын босанды

9

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасында 35 жастағы Айым өзінің 12ші перзентін дүниеге әкелді.  Ата-ана ұлына МұхаммедАли деген есім беріпті. Нәресте балаларды қорғау күні қарсаңында, 27 мамырда туылған.  

Аурухананың неонатолог дәрігері Жанна Досованың сөзінше, бұл Айымның 11ші жүктілігі және 12ші босануы: жүктіліктің бірінде ол егіз туған.

Баланың салмағы 3400 грамм, бойы55 см. Анасы мен баласы өзін жақсы сезінгендіктен үйге шығарылған.

Advertisements